Бірінші жастар Конвенті

Қазақстан — бар ғұмырым!

13 шілде
RU
Астана

Тіркелу аяқталды

Казахстан — это на всю жизнь!
Қазақстан — бар ғұмырым!

Қазақстан деген не?

Бұл — дала мен таулар емес. Бұл ең алдымен — адамдар. Жаңа Әділетті Қазақстан — біз өзімізді қалай көретініміз және бір-бірімізге деген қарым-қатынасымыз туралы. Бұл — біз өмір сүріп жатқан елді қалай көретініміз және оны біздің арманымыздарымызға сай ету үшін жасайтын әрекеттеріміз туралы.
Кез келген өзгерісті бастау үшін бірінші қадамды жасайтын адамдар табылады: өзгерістерді өздерінен және айналасынан бастайтын, тұтас елді артынан ілестіре алатын жандар. Қазақстан жастары осындай қозғаушы күш болуы тиіс. Ескі Қазақстанды арманымыздағы Жаңа Қазақстанға айналдырып, жаһандық өзгерістерге жетекшілік ету бізге міндеттелген.

Бірақ мұны қалай жасауға болады? Қазақстан — үлкен ел. Ондағы жастар әртүрлі өңірлерде тұрады және әртүрлі қызығушылықтармен біріктірілген. Олар өмірлік байланыстар пайда болатын жалғыз кезең кезінде кездеспеуі мүмкін. Ал, Қазақстан — бар ғұмырым. Сол себепті де ел ішінде адамдар бір-бірімен танысуы үшін көлденең байланыстар кеңінен таралуы керек.

Демек, біз кездесуіміз керек. Әлеуметтік желілерде емес, бетпе-бет. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең белсенді жастар бір жерге жиналып, Жаңа Әділетті Қазақстан қандай болуы тиіс екендігі туралы өз жобаларын, идеялары мен армандарын талқыға салуы аса маңызды. Әрбіріміз оны жақындату үшін не істей алатынымызды талқылайтын боламыз. Осындай кездесулер жыл сайын өткізілуі тиіс. Елде осы секілді кездесулердің жаңа ұлттық дәстүрі пайда болуы қажет.

Елді өзгерту өте қиын, бұл үшін жалғыз ықылас жеткіліксіз. Ол үшін ең алдымен азамат болу керек, тек біздің елде туылып қана емес. Азамат болу өнерін үйрену қажет. Алайда, мәжбүрмен қиналып үйрену емес. Бұл қызықты оқиға болуы тиіс.

2024 жылдың 13-шілде күні «Жаңа адамдар» қозғалысы «Қазақстан — бар ғұмырым» Бірінші жастар конвентін өткізеді. Бір алаңда жас, креативті, шығармашыл, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар бүкіл елге «Қазақстан — бар ғұмырым!» деп жариялау үшін жиналады!

Қазір біз 18 жастамыз немесе үлкенірекпіз. Бүкіл өміріміз алда: отбасы және мансап. Алайда, әзірге елмен және онда тұратын адамдармен танысу үшін біздің бірнеше жыл уақытымыз бар. Бұл әлеуметтік байланыстар бізбен өмір бойы жалғасады және әлі талай бастамаларда өз септігін тигізеді. «Қазақстан — бар ғұмырым» жастар конвенті — бұл еліміздің түкпір-түкпірінен келген қызықты адамдармен танысуға және болашақ бірлескен жобалар үшін негіз алуға мүмкіндік. Бұл — нағыз азамат болуды үйрететін алаң.

Үздік спикерлер

Өз кумирлеріңмен, елеулі, нағыз Азаматтармен таныс. Оларға өзіңді қызықтыратын сұрақтарды қой, олардың тәжірибесінен шабыттан және Азамат болу өнерін үйрен. Қазақстанның ең танымал адамдарымен кездесудің қайталанбас мүмкіндігін қолдан.
Халықаралық сахнадағы ең жас қазақ режиссері. Forbes Kazakhstan «30-дан төмен 30» рейтингінің мүшесі
Айтөре Жолдасқали
Динара Сәтжан
Журналист, кәсіпкер, fashion-продюсер,
жеке бренд бойынша сарапшы,
контент-maker
Алдыңа үлкен мақсаттар қойып, өзіңді шыңдайтын кез келді
Жеке брендтегі
2024 трендтері
Музыканың
мәні...
«Орда» тобының солисті және бірлескен авторы, Ninety One жобасының және Juz Entertainment лейблінің негізін қалаушы
Ерболат Беделхан

Қызығушылық нүктелері

Қазіргі жастарды қызықтыратынның бәрі - бір жерде. Танысулар, әлеуметтік желілер, билер, ән, спорт және басқа да қызықты аймақтар күні бойы тек сен үшін жұмыс жасайды.
Өзіңе ұнайтын нәрсемен айналыс!
ДОСТАР МАЙНИНГІ
Конвентте еліміздің барлық аймақтарынан келген 5000 ерекше ұл-қыздар жүздеседі. Олармен таныс, контактілермен алмасып, ең белсенді бол және эксклюзивті тауар, смартфон, планшет және тіпті ноутбук ұтып ал
Қазақстанда бұрын соңды болмаған достық челленджі. Негізгі экранға назар сал, егер сен өзіңді көрсең, жаңа доспен танысу үшін дереу көрсетілген нүктеге бар. 2 минутта үлгерсең - Жаңа Адамдардан ерекше жүлде ал
ЗНАКОМАТ
Достығыңды монетизацияла. Адамдармен таныс, іс-шараларға қатыс және сол үшін Dos_Coins ал - Конвенттің жалғыз валютасы. Жиналған Dos_Coins-ті Конвенттің 14 алаңында танымал қазақстандық брендтердің киімдері мен аксессуарларына, үздік мамандардың жеке шеберлік сабақтарына, үстел ойындарына, дәмді бургерлерге және серіктестердің ондаған басқа ұсыныстарына айырбастай аласың
DOS_COINS
Миллион тіркелушілері бар Тиктокерлер – Rakhat (1,7 млн) және Mona (5 млн) әлеуметтік желілерде табысқа жетудің құпиялары мен тәсілдері туралы бөлісіп, көрсетуге дайын. Ол үшін дайындалған 6 TikTok аймағы көмектеседі. Еріктілік, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, «Ұятболады!», кәсіпкерлік, жауапкершілік және, әрине, біздің Қазақстанға деген сүйіспеншілік секілді кез келген тақырыпта үздіктер жетекшілігімен керемет бейнежазбалар түсір
ТИКТОК АЙМАҒЫ
7 жерде қазақстандық аспаздар мен көше тағамдары шеберлерінің 12 тағамынан дәм тат. Менюде біз өте жақсы көретіндердің бәрі бар: қазақша акцентті гамбургерлер, хот-догтар, фри картоптары, ұлттық тағамдар, тәттілер, лимонадтар және т.б.
ТАМАҚТАНУ АЙМАҒЫ
Ашық аспан астындағы би алаңы, өз саласының үздіктері атанған көше бишілері. KillaKolya, Асхат Төлегенов, MC ZUZU, Айдос Аманжолов, RufinaLu стильдер бойынша би қойылымдарын, батлдарды ұйымдастырады. Әрине, олар жаңадан бастағандар үшін шеберлік сабақтарын өткізеді
БИ АЙМАҒЫ
Конвенттің басқа қатысушыларымен бірге ауданы 48 шаршы метр болатын үлкен граффити сал. Михаил Селютин мен оның «Air G Art» суретшілер командасы стрит-арттың қалай пайда болғанын айтып қана қоймайды, сонымен қатар қолына бояу құтысын ешқашан ұстамағандар үшін шеберлік сабағын өткізеді
STREET ART АЙМАҒЫ
DjNikas көмегімен диджейлікті үйрен. Конвенттің басқа қатысушыларымен бірге ЭКСПО-да қосылып тұратын «Қазақстан дыбысы қандай» атты бірегей трек жаз. Ал, RedBull 3 Style Central Asia жеңімпазы және Дельфий ойындарының жеңімпазы диджей PUZA (Әсет Рахатов) жүрекке жететін тректі қалай біріктіру керектігін айтып береді
МУЗЫКА АЙМАҒЫ
Үстел ойындары мен комикстерді ұнатасың ба? Ендеше «Қазақ хандығы» ойынында хан тағы үшін күрес, қазақстандық TEZ TAP зияткерлік викторинасында барлығын жең. Комикс әуесқойларына арналған шеберлік сабағында кейіпкерлер жасауды, сюжетті және оқиға желісін толықтыруды үйрен!
GEEK МӘДЕНИЕТІ АЙМАҒЫ
Қазақстандық брендтердің киімдері мен аксессуарлары бар 100 шаршы метр жастар бутигі. Dmwear, Qazaq.soul және Urpaq брендтерінің негізін қалаушылар мен өкілдері футболка мен бас киімнен бастап, өз брендіңді қалай құруға және сән индустриясында табысқа жетуге болатыны туралы айтып береді
СТИЛЬ АЙМАҒЫ
2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік бомбардирі, «Қайрат» және ұлттық құрама командаларының шабуылшысы Біржан Оразов жеңіске жету жолын айтып, көрсетеді. Бағдарламада: сұрақ-жауаптар, фристайл футболының шеберлік сабақтары және барлық қызығушылық танытқандарға арналған панна турнирі
ФУТБОЛ АЙМАҒЫ
Қазақстан чемпиондары Мұхит Амантаев пен Айсағалиев Нұрдәулет шеберлік сабақтарын өткізіп, «қалай ұстауды», ең бастысы тиімді соққылар беруді көрсетеді. Жалпы, күрес пен бокс туралы сөз қозғаймыз. Ринг, қолғап, төсеніш - бәрі дайын, тек сені күтеді
КҮРЕС АЙМАҒЫ
Қазақстанның он үш дүркін чемпионы, FIBA Азия чемпиондары кубогының қола жүлдегері Рустам Ерғали сақинаға дөп түсудің және матчтарда жеңіске жетудің қыр-сырын біледі. Мастер-классқа қатысып, Конвент турнирінде өзіңді сынап көр
STREETBALL АЙМАҒЫ
10 метрлік пандус пен толыққанды BMX саябағы кәсіпқойлар басшылығымен трюктар жасауды үйрену үшін күні бойы сенің құзырыңда. Ең қызықтысы - физика заңдарын жойған BMX шабандоздарының өнері болмақ
SKATEBOARDING/BMX АЙМАҒЫ
Аты аңызға айналған мықты Сергей Цырульников кез келген талғамға арналған турниктер мен жабдықтар бар алаңда осындай таң қаларлық физикалық пішінге қалай жетуге болатынын көрсетіп, айтып береді. Армрестлинг, тартылу және гір көтеруден жарыстарға қатысып, ерекше жүлделерді ұтып ал
WORKOUT АЙМАҒЫ

Лекторий

Күні бойы 2 лекторийлер және 6 жетекші сарапшы бір мезетте бірнеше салада біліктілікті арттыруға көмектеседі. Миллион қаралымы бар бейнежазбаларды қалай түсіруді үйрен. Шығармашылық үшін шабытты қайдан алуға болатынын біл. Қалай және қашан ЖИ әлемді жаулап алатын болады? SMM маманы болып, блог жұмысын жүргізу үшін не істеу керек және т.б.
Суретші, жоба жетекшісі
Батыр Алпамыс
Нұрмұхан Нұрайя
Цифрлық контент жазушы
Мобилография
Басты нәрсені көру өнері
Тарихшы, Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры
Жақсылық Сабитов
Тарих
Еуразияның генетикалық тарихы
Нейрондық желі маманы
Риз Есентаев
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
AI әлемді қалай жаулап алады?
Іс-шараларды ұйымдастыру
Керемет оқиғаны қалай өткізуге болады?
Шығармашылық
Цифрлық суретші: шабыт көздері
CEO JOOZ AGENTY негізін қалаушы
Мулдагалиева Дарина
SMM
SMM. Алғашқы қадамдардан үлкен жетістіктерге дейін
Халина Мира
Медиаменеджер, Kursiv.media сайтының бас редакторы

Акционистер шайқасы

Сен сияқты жас және өршіл адамдар салмақты мәселелерді шешіп бастады. Олар заңсыз қоқыс үйіндісі мен қираған аялдамадан бастап, ел ішінде таралған зорлық-зомбылық эпидемиясына дейін бәріне немқұрайлылық танытпайды. «Қазақстан – менің жауапкершілік аймағым» деп санайды. Оларды қолда, үздік азаматтық науқанға дауыс бер және командаға қосыл.

Гала-концерт

Елдегі жастар арасында ең танымал орындаушылармен бір сахна төрінде «Қазақстан – бар ғұмырым!» деп айт!
MOLDANAZAR
BONAPART
NINETY ONE
AIKYN
DEQUINE
YENLIK
SECRET GUEST

Біз Конвентке барамыз деп шештік!

1

Қазақстан — бар ғұмырым деп санайсың ба? Мыңдаған мүдделес адамдармен танысқың келе ме?

Сені Конвентте күтеміз! Есіңде сақта, «Қазақстан — бар ғұмырым!»
2
Бейнежазбада өзің жайлы айт және «Мен неге „Қазақстан — бар ғұмырым!“ жастар конвентіне барамын?» сұрағына жауап бер.
Бейнежазбаны Instagram немесе TikTok парақшаңа #конвенткебарамын хэштегімен жарияла.
Тіркел
3
Назар аудар! Конвентке қатысу және облыс орталығынан бару-қайту жөнелту билетің болса ғана жүзеге асырылады
Өз қалаңдағы Конвент штабынан билетіңді ал және Астанада болатын жаздың басты оқиғасына кел
4

Конвент Штабтары

Конвент туралы толығырақ білгің келе ме? Бізге кел, елдің 20 қаласында есігіміз ашық.
Құпиялылық саясаты
1. ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕР
Сайт – Ғаламторда http://www.convention.kz мекен-жайында орналасқан Баденова Асель Жанбулатовнаға тиесілі интернет-ресурс.
Сайт әкімшілігі – Баденова Асель Жанбулатовна атынан сайтты басқаруға, пайдаланушылардың жеке деректерін өңдеуге және басқа да әрекеттерге өкілетті қызметкерлер.
Қолданушы - өзі туралы жеке деректі Сайт Әкімшілігіне жіберу мақсатында жеке ақпаратты бөлісу Формасына жариялайтын физикалық тұлға.
Жеке ақпаратты бөлісу формасы - Қолданушы өзі туралы жеке деректі Сайт Әкімшілігіне жіберу үшін жариялайтын арнайы нысандар.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Құпиялылық саясаты кері байланыс Формасын қолданатын физикалық тұлғалар туралы мәліметті қорғау және өңдеу тәртібін анықтайтын Сайт Әкімшілігінің ресми типтік құжаты болып табылады.
2.2. Құпиялылық саясаты мақсаты - Қолданушы дерегін рұқсат етілмеген қолжетімділік пен жариялаудан тиісті қорғаныспен қамтамасыз ету.
2.3. Қолданушылар туралы ақпаратты жинауға, сақтауға, таратуға және қорғауға байланысты қатынастар осы Құпиялылық саясатымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
2.4. Құпиялылық Саясатының ағымдағы нұсқасы Сайт Әкімшілігі әзірлеген жалпыға ортақ құжат болып табылады және кез келген Ғаламтор қолданушысына «Құпиялылық Саясаты» гипермәтіндік сілтемесін басу арқылы қол жетімді болады.
2.5. Сайт Әкімшілігі Құпиялылық Саясатына өзгерістер енгізуге құқылы.
2.6. Құпиялылық Саясатына енгізілген өзгерістерді Сайт әкімшілігі Құпиялық саясатының жаңа нұсқасын http://www.convention.kz сайтында жариялау арқылы Қолданушыны хабардар етеді.
2.7. Кері байланыс Формасы арқылы Қолданушы Құпиялылық Саясатының шарттарына келісім береді.
3. ҚОЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІН ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ШАРТТАРЫ МЕН МАҚСАТЫ
3.1. Қолданушының жеке деректері: аты-жөні, телефон нөмірі, жасы, тұратын қаласы, Қолданушының әлеуметтік желілерінде жарияланған медиа-контент сілтемелері Қолданушының келісімімен Сайт әкімшілігіне беріледі.
3.2. Қолданушы кері байланыс Формасы арқылы Сайт әкімшілігіне жеке деректерін беруге келісім береді.
3.3. Сайт әкімшілігі Қолданушының жеке деректерін жинай және өңдей алады: аты-жөні, телефон нөмірі, жасы, тұрғылықты жері, Қолданушының әлеуметтік желілерінде жарияланған медиа-контент сілтемелері, сондай-ақ Қолданушы өз қалауымен бөліскен өзі туралы кез келген қосымша ақпарат. өз өтініші.
3.4. Жеке деректерді өңдеу келесі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
а) жеке деректерді өңдеу мақсаттары мен әдістерінің заңдылығы және шынайылығы;
б) жеке деректерді өңдеу мақсаттарының алдын ала анықталған және бекітілген жеке деректерді өңдеу мақсаттарына сәйкестігі;
в) өңделетін жеке деректердің көлемі мен сипаты жеке деректерді өңдеу әдістері мен мақсаттарына сәйкестігі;
Кейбір қолданушы әрекеттері сервер журналдарында автоматты түрде сақталады:
IP мекен-жайы;
Браузер түрі, қондырмалар, уақыт сұраныстары және т.б. деректер.
4. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ САҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫ
Қолданушының дербес деректері тек қана электрондық тасығыштарда сақталады және осы Құпиялылық саясатының 3-тармағында жазылған мақсатқа сай пайдаланылады.
5. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ
5.1. Қажеттілік туындаған жағдайларды қоспағанда, Қолданушының дербес деректері үшінші тұлғаларға берілмейді:
заңды, нормативті-құқықтық актіні сақтап, сот шешімін орындау үшін;
алаяқтықты анықтау немесе оған тосқауыл қою үшін;
сайт жұмысындағы техникалық ақауларды жою үшін;
өкілетті мемлекеттік органдардың сұранысы негізінде ақпарат беру үшін.
5.2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сұранысы бойынша Қолданушының дербес деректерін беру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.
6. ДЕРЕКТЕР ҚАУІПСІЗДІГІ
Сайт Әкімшілігі Қолданушылардың дербес деректеріне заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында техникалық және ұйымдық-құқықтық шаралар қабылдайды.
7. ҚОЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ
7.1. Қолданушы Сайт әкімшілігіне өзінің сұраныстарын Құпиялылық саясатының 3-тармағында қарастырылған дербес деректерін пайдалану/жою үшін 1-тармақта көрсетілген мекен-жайға жазбаша түрде жіберуге құқылы.
7.2. Қолданушы жіберген сұраныс төмендегі ақпаратты қамтуы керек:
- пайдаланушының немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын негізгі құжаттың нөмірі;
– көрсетілген құжаттың берілген күні және берген орган туралы мәліметтер;
- кері байланыс Формасы арқылы тіркелген күні;
- еркін формада сұраныс мәтіні;
- Қолданушының немесе оның өкілінің қолы.
7.3. Сайт әкімшілігі өтініш түскен сәттен бастап 30 күн ішінде Қолданушы тарапынан түскен сұранысқа жауапкершілікпен қарауға және жіберуге міндеттеледі.
7.4. Әкімшіліктің Қолданушыдан алған барлық хабарламалары (жазбаша/электрондық нұсқадағы өтініштер) қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатады және Қолданушының жазбаша келісімінсіз жария етілмейді. Сұраныс жіберген Қолданушы туралы Дербес деректер мен өзге де ақпаратты Қолданушының арнайы келісімінсіз, Қолданушыдан түскен сұраныс бойынша жауап беру үшін немесе заңнамада тікелей қарастырылған жағдайлардан тыс пайдалануға болмайды.
8. ЖАҢАРТУ
Құпиялылық Саясатының жаңартулары берілген парақшада жарияланады. Сайт Әкімшілігі ресурсты қолданушылардан көрсетілген Құпиялылық Саясатымен мұқият танысуды өтінеді.

+7 707 070 40 50